Облыстық аурухана баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жарақат алғаны жөнінде жүгініпті. Оның төртеуі жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алыпты.
«Қалғаны көшеде құлап, әр түрлі жарақат алған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер. Ал, кәмелетке толмаған балалар өз үйінде жарақаттанған», деп мәлім етті аурухананың баспасөз қызметі.