Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінде «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды

Аталған шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбеттің, Білім ордасының ректоры Жасұлан Шаймардановтың және өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова мен «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің қатысуымен өтті.

Аталған шара аталған оқу орынның кітапханасында өтті. «Парасатты жол» орталығы бұған дейін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында жұмысын бастаған болатын. Енді оқу орындары арасында алғаш болып ШҚТУ-да ашылды.

Орталықта адалдық, әділдік, парасаттылық қасиеттерін дәріптейтін Абай мен Шәкәрімнің еңбектері, Сәкен Сейфуллиннің шығармалары қойылған. Сондай-ақ ЖОО жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы әдістемелік нұсқалар мен  кітаптар қойылған.

Салтанатты іс-шарада университет студенттері қойылым көрсетіп, парасатты адам формуласын ұсынды.

Ашылған «Парасат жолы» орталығы өскелең ұрпақ санасына сілкініс жасауға және оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдырады деген сенімдеміз.