Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Зерендіде тілсіз жау екі адамның өмірін қиып кетті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зеренді аудандық өрт сөндіру пультіне Алексеевка ауылында тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы суыт хабар түн ортасы ауа түскен. Іле оқыс оқиға орын алған жерге ауданның және Көкшетау қаласының өрт сөндіру жасақтары жедел аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерендіде тілсіз жау екі адамның өмірін қиып кетті

Өртті сөндіру барысында оқиға орын алған жерден екі адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, өрт шықпай тұрып отағасы екі баламен үйінде болған. Қызыл жалынның тілі сумаңдай бастағанда үй иесі бір баланы алып шығып үлгерген. Екінші баланы қалың түтіннің ішінен тауып алғанымен, шығып үлгере алмаған. Өрт сөндірушілер таң алдында өртті толық сөндірді. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде. Сот медициналық және өрт техникалық сараптамалары тағайындалды.

Қыс бойы дәл осындай адам жанын түршіктірер оқыс оқиғалар орын алып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуына қарағанда, негізгі себеп пешті дұрыс пайдаланбау. Салғырттық түбі өкініш. Абай болсақ, аман болатынымызды ұмытпайықшы.