Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Өмірзақ Шөкеев: «Turkestan Textile» импортты алмастыруға оң әсерін тигізеді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Кәсіпорынға 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өмірзақ Шөкеев: «Turkestan Textile» импортты алмастыруға оң әсерін тигізеді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қысқа мерзімде іске қосылған тігін фабрикасында болды. Отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал ететін әлеуметті маңызы бар кәсіпорын, білім беру және медициналық мекемелер мен дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесе жұмыс істеп, жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етпек. «Бүгінгі таңда Үкіметтің негізгі мақсаты ішкі нарықты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту болып табылады. Біздің алдымызда импортқа тәуелділіктен арыла отырып, өз өндірісімізді барынша дамыту міндеті тұр. Осыған байланысты фабрика өнімі импорттың орнын басуға оң әсерін тигізеді»,  деді облыс әкімі.

Бүгінде зауытта дайын өнімнің бай ассортименті қалыптасқан. Мәселен, төсек-орын түрлері, жұмыс киімдері, спорттық жабдықтар, медицина қызметкерлеріне арналған формалар отындық мамандардың қолынан шығуда. Тұтынушы талабы ескерілген. Бағалар да қолжетімді. Өндірісте Baoyu және Jack фирмаларының 400-ге жуық замануани құрал-жабдықтары қолданылады. Оның 333-і автоматтандырылған және соңғы үлгідегі тігін машиналары. Әйелдерді, оның ішінде тұрмысы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мақсатында іске қосылған әлеуметтік жоба барысында 72 адам тұрақты жұмыс тапты. Осы фабрикаға жұмысқа орналасу үшін 180 адам тігіншіліктің қыр-сырын меңгеруде. Сонымен қатар, мұнда теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту бойынша Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенттері тәжірибе алуда.