Әлем • 25 Ақпан, 2021

Литвада қарттар үйіндегілер вакцина салдырғаннан кейін вирус жұқтыра бастады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Литвадағы қарттар үйіндегі науқастарға вакцина салғаннан кейін эпидемиялық ахуал күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Литвада қарттар үйіндегілер вакцина салдырғаннан кейін вирус жұқтыра бастады

Елдің ұлттық денсаулық сақтау орталығы баспасөз қызметі мәлім еткендей, қарттар үйінің тұрғыны  вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғаны туралы  айтып берген.

«Қарттар үйінде COVID-19 жұқтырғандар саны артты. Коронавирус жұқтырған 15 адамның 14-іне вакцина салынған», дейді баспасөз өкілі.

Қарттар үйі басшылығының мәліметінше, Ұлттық денсаулық сақтау орталығы (NVSC) мекемеде вакцинация процесін қосымша тексеруді бастайды. Сонымен қатар, қарттар үйі баспасөз хабарламасында ешқандай вакцина COVID-19-дан 100 пайызға қорғамайтынын еске салды.

«Орталықтың тәжірибелі дәрігерлері бір уақытта 13 адам вакцинацияланғанына алаңдаған және вакцинаның тиімділігі дәлелденген кезде, көптеген адамда иммунитеттің болмауы сұрақ тудырады» делінген ақпарат көздерінде.

Ведомство мамандары жағдайдың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізетінін айтты.