Қазақстан • 25 Ақпан, 2021

Қазақстанның Кеден әкімшілігі Дүниежүзілік фотобайқауда жеңімпаз атанды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурияның өз қолымен жазған құттықтаулары мен кәдесыйы Қазақстанға жеткізілгенін мәлімдеді. 

Қазақстанның Кеден әкімшілігі Дүниежүзілік фотобайқауда жеңімпаз атанды

Ұйым басшысы конкурстық жұмыс COVID-19-ға қарсы күресте әлемдегі кеден қызметінің маңызды рөлін айқын көрсеткендігін атап өтеді.

«Әрине, Мен Сіздерге Дипломды ДКҰ Кеңесінің сессиясы кезінде жеке өзім тапсырғым келген, бірақ 2020 жылы бізде мұндай мүмкіндік болмады. Осыған байланысты Сізге Дипломды пошта арқылы жіберу мен үшін үлкен мәртебе, және сіздермен жақын арада кездесемін деп үміттенемін», деп жазды Кунио Микурия құттықтау хатында.

Байқау суреті «My Loyal Friend» / «Менің адал досым» деген атауға ие болған. Суретті Алматы қаласы бойынша МКД түсірген.

Еске салайық, фотобайқауды Дүниежүзілік кеден ұйымы (Брюссель қаласы) ұйымдастырып, оған ДКҰ-ға мүше 76 ел қатысқан.