Оқиға • 25 Ақпан, 2021

Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сингапурдағы және Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы қызметін қоса атқарушы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы – Оклендте Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды

Құрметті консул болып Beesley Investments Limited консалтингтік компаниясының директоры Брайан Эшли Джонсон тағайындалды. Б.Джонсон мырза көптеген жылдар бойы Қазақстандық-Жаңа Зеландиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге жәрдемдеседі.

Атап айтқанда, Алматы Регби клубымен ынтымақтасады, сондай-ақ Жаңа Зеландиядағы Қазақстан азаматтарына белсенді түрде жәрдем көрсетеді. Кездесуге Қазақстанның Аустралиядағы Бас консулы Марат Қалижанов және құрметті консулдары Эндрю Фернихоу (Мельбурн қ.) және Джейсон Стирбинскис (Перт қ.) қатысты. А.Арыстанов 2021 жыл маңызды күнмен - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін және Қазақстанның Жаңа Зеландия және Аустралиямен екіжақты қарым-қатынастарын ілгерілетуде белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, Құрметті консулдық – өзі өкілдік ететін елдің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қоса, сол мемлекеттің тапсырмасымен және келісімімен ақысыз негізде кейбір консулдық міндеттерді атқаратын Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме.