Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда СҚО-да синтетикалық есірткіні ауылдық жерде жасаған топ құрықталғаны туралы айтқан болатынбыз. Енді сондай есірткіні таратқан 6 интернет дүкеннің қызметінің жолы кесілді.

Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Басыбаев пен бөліністің жедел уәкілі Сұлтанғазы Біләлов үйлердің қабырғаларында есірткі граффитилері пайда болған кезде қайда жүгінуге болады, есірткіні жасырушыларды қандай белгілері бойынша тануға болады деген сияқты желі қолданушылардың сұрақтарына жауап берді. Жандос Басыбаев 2020 жылы 195 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі мен психобелсенді заттарды өткізудің 49 фактісі анықталғаны жайлы ақпарат берді. «Заңсыз айналымнан 462 килограммнан астам түрлі есірткі заттары алынды. Синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан 6 интернет дүкеннің жолы кесілді», деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысында интернетте синтетикалық есірткілерге жарнама жасаумен айналысқан фигурант қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жыл басынан 36 есірткі қылмысы анықталды.