Білім • 26 Ақпан, 2021

Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан, деп хабарлайды Еgemen.kz

Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан

Аида Нурмаханованың мамандығы педагог-филолог. Ол 11 жыл бойы жоғарғы оқу орнында латын тілінен сабақ берген. 2018 жылы Шымкент қаласына қоныс аударғаннан кейін өз балаларының қажеттілігіне байланысты оқу орталығын ашқан.

Франшиза бойынша балаларға арналған білім академиясын салтанатты түрде ашқан педагог оны әрмен қарай дамытуға мемлекеттік қолдаудың көмегіне жүгінеді.

А.Нурмаханова «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында «Халық банктен» несие алып, «Даму» Қорының кепілдігімен толықтырады.

11
Қаржыға балаларды дамыту орталығы ғимаратының ірге тасын қалап, ғимаратта ыңғайлы және жаңа үлгідегі барлық құралдармен жабдықтады.

Аиданың бастамасымен ашылған, бір жастан жеті жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін дамытатын Қазақстандағы үшінші орталық. Бүлдіршіндерді мектепке дайындап қана қоймай шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, орталықта инклюзивті білім беру жүйесі де қолға алынып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі