Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Цуй Айминь төрағалық етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, келіссөздер барысында тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті консулдық-құқықтық мәселелерін жан-жақты талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі елдің халықаралық әуежайларына кіруі/шығуының және транзитпен өтуінің қолданыстағы тәртібі туралы өзекті ақпаратпен алмасты.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтарына Қытайға бару үшін ҚХР жеке туристік және іскерлік визаларын беруді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды. Консультациялар барысында Қазақстан тарапы ұлты қазақ, екі мемлекеттің азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді.