Тағайындау • 26 Ақпан, 2021

«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

«Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», деп жазды Б. Байбек.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Казанцевке алғысын білдірді.