Қарулы Күштердің XVIII спартакиадасы аясында әскери қызметшілер арасында Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында армиялық қоян-қолтық күресінен чемпионат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кіл мықтының қатарынан көріну үшін әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ әскери оқу орындардың атынан 15 команданың 132 спортшысы қатысты.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты чемпионат көрерменсіз өтті, ал жекпе-жекті бақылауға ниеттілер Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ОСК-ның ресми аккаунттары арқылы онлайн-трансляция режимінде тамашалады.
Биылғы 25 ақпанда Бірыңғай Спорт күнінде ақтық жекпе-жек өтті. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов чемпионатқа қатысушыларды қарсы алды, ол армиялық қоян-қолтық ұрыстың дамып келе жатқанын және оның жауынгерлерді даярлаудағы маңызын атап өтті.
Турнир қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде капитан Аман Шәкіртов (55 келіге дейін), аға лейтенант Архат Баяхметов (60 келіге дейін), ефрейтор Отар Нұрбек (65 келіге дейін), ефрейтор Ержан Олжас (70 келіге дейін), қатардағы жауынгер Еркінғали Бүркітәлин (75 келіге дейін), аға лейтенант Бақтияр Қожахметов (80 келіге дейін), сержант Жанболат Рағшаұлы (85 келіге дейін), аға сержант Арман Ерменбет (90 келіге дейін), капитан Жасұлан Мүсіркенов (90 келіден жоғары) жеңімпаз атанды.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды 14776 әскери бөлімі, екінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, ал үшінші орынды – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы алды.
Қорғаныс министрі, Бүкіл қазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев чемпионаттың жеңімпаздары мен қатысушыларына құттықтау жолдады.
Армиялық жекпе-жек ұрысы Қарулы Күштердегі ең танымал спорт түрі ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттырудың, дене дайындығын жетілдірудің, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтудың тиімді құралы екенін атап өтті.
Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушылардың барлығы жоғары шеберлік пен жеңіске жетуге деген күш-жігерді танытқанын, қатысушылар жетістікке жету үшін бар күшін-жігерін салғанын, алайда спорт болған соң жеңімпаздар мен жеңілгендер болатынын айта кетті.
Қорғаныс министрі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді осы жетістігімен тоқтамай, әрі қарай шеберліктерін жетілдіретініне сенетінін, ал бүгін сәтсіз нәтиже көрсеткендер болашақта табысқа жету жолында күш-қайратын аямай, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестігін жеткізді.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар