Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытудың жетекші бағыты – агроөнеркәсіптік кешен. Өңір елімізде сүт, күнбағыс майы, бал және панты өндіру бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда

2020 жылы Ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 33,4 млрд. теңге, оның ішінде 30,1 млрд. теңге субсидия бағытталған.

– Облыста 5 сүт қабылдау пункті құрылды, 1050 басқа арналған 4 тауарлы-сүт фермасы салынды және 150 басқа арналған 3 ферма қайта жаңартылды. Салынған инвестициялар 2015-2020 жылдар ішінде халықтан сүт сатып алуды ақшалай баламада 18 есеге, ал заттай көріністе 8 есеге (7,5 мың тоннадан 57 мың тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік берді, – деді аймақ басшысы.

Ендігі уақытта өсімдік шаруашылығын дамытудың әзірленген бағдарламасына сәйкес, тиімділігі жоғары дақылдардың алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше