Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың үйіне Жамбыл облысының әкімі арнайы барды. Ақынның жуырда ғана жарық көрген бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Ақын шаңырағында өткен шара барысында Бердібек Сапарбаев Күләш Ахметованың қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталып, оның поэзиядағы елеулі еңбегін атап өтті. Әкім өз сөзінде ақынның өмір жолы, өнер жолы әрқашан да жастарға үлгі-өнеге екенін жеткізді. Сонымен қатар, әкім ақынға қазақтың салты бойынша құрмет көрсетіп, әкімдіктің атынан сый-сияпат жасады. Ақын да ақынын ардақтаған әкімге ризашылығын білдірді. Аталған шараны Тараз қалалық Жамбыл-Тараз" газетінің бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали жүргізіп отырды. Сондай-ақ, ол ақынның "Айша бибі" атты өлеңін оқып берді. Сонымен қатар, Жұлдыз Бейсек, Нұржан Қадірәлі, Арайлы Жақсылық сияқты әулиеаталық жас ақындар да ақынға арналған өлеңдерін оқыды.
Күләш Ахметова қазақ өлеңіне өзіндік нәзік үнімен, көркем шындығымен келген ақын. Әр жылдары ақынның түрлі поэтикалық кітаптары жарық көріп, оқырманнан лайықты бағасын алған. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері жары, ақын Қайырбек Асанов екеуі қазақтың қара өлеңіне қызмет етіп келеді. Жуырда ғана баспадан шыққан бес томдық шығармалары да ұлттың өлең өнеріне қосылған құнды дүниелер. Кітапта Әбділда Тәжібаев, Қадыр Мырзалиев, Әбіш Кекілбаев, Несіпбек Айтұлы және өзге де белгілі қаламгерлердің мақалалары жарияланған. Айта кетейік, ақын Күләш Ахметова биыл 75 жасқа толады.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар