Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдің индустрияландыру картасына 667,5 млрд теңгенің 38 жобасы енген, деп хабарлайды Egemen.kz

Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

 Облыс әкімі Даниал Ахметовтың халыққа есеп беру кездесуі барысында 2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 11,3 мың жаңа жұмыс орны ашылатыны белгілі болды.

«2021 жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд теңгеге Картаның 14 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 700 жұмыс орнын ашатын «KAZ MineralsAktogay» ЖШС-нің Ақтоғай КБК өндіріс қуатын кеңейту жобасы іске асырылу сатысында. Жобаны 2021 жылы пайдалануға беру көзделген. Ал «Қазақмыс» корпорациясы «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игерумен айналысатын тау-кен байыту комбинатын салу» жобасын іске асыруды бастады», деген әкім бұрын топырағына қайла тиіп көрмеген аудандарда сүейкті жобалар іске асатынын мәлім етті.

«Сондай-ақ, Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тоннаға дейін кен өндіретін Қызылқайың кен учаскесінде кен байыту комбинатын салу жоспарланған. Инновациялық даму аясында травматология және ортопедияға арналған медициналық имплантанттар өндірісі бойынша Қазақстанда алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске құрылды. Өткізгіштігі жоғары сымдарды дайындауға арналған технологиялар әзірленді. «Қазцинк» ЖШС-мен бірлесіп электролиттік тәсілмен мырышты алу бойынша зерттеу желісі құрылды. Бұл технологияны өнеркәсіптік ауқымда енгізу қымбат тұратын кокс шығынын 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде парниктік газдар шығарындыларының санын қысқартады», деді Д.Ахметов.