Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйелдің шағым бергені белгілі болып отыр. Бұған отбасындағы зорлық-зомбылық себеп болған.   

Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1318 әйелге қарсы жасалған құқық бұзушылық  анықталыпты.

«Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесіне 79 адамды орналастырды. Оның ішінде 25 әйел 54 жасөспірім бар. Қазір аталған бөлімшеде 4 әйел мен 8 жасөспірім тұрып жатыр. Аталған бөлімшеден 450 әйел (116-сы заңгерден, 55-і психологтан, 279-ы әлеуметтік қызметкерден) құқықтық кеңес алды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.