Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық індетпен бірлескен күрес мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі (АӨСШК) қазақстандық төрағалық аясында гуманитарлық көмекті Ауғанстан, Ирак және Палестинаға табыстаудың ресми рәсімі өтті. Гуманитарлық көмектің демеушісі «HALYK» қайырымдылық қоры болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен салтанатқа Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, «HALYK» Қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев, Палестина Елшісі Мунтасер Абу Зейд, Ауғанстанның Уақытша сенімді өкілі Азизула Омар және Ирактың Уақытша сенімді өкілі Мохаммед Мохсин қатысты.

Рәсім барысында Ш.Нұрышев АӨСШК-тің «Эпидемиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика» жаңа сенім шарасы аясында Қазақстан достық мемлекеттерге гуманитарлық көмек бөлуде, бұл халықаралық қоғамдастықта өзара қолдаудың ерекше қажеттілігін көрсететінін атап өтті.

Шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары қиын уақытта құнды қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, АӨСШК-тің қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы сенім шараларын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.