Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Ресей азаматтары алғыс айтты

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камаловтың атына Ресей азаматтары Е.Стаценко мен А.Корниловтан ризашылық сезімдерін білдірген алғыс хат келді.

Ресей азаматтары алғыс айтты

Олар жеңіл машинамен Қызылжарға қарай келе жатып 18 ақпан күні Новокаменка селосының маңында жол көрсетпеген боранда жолдан шығып кетіп, қалың қарда тұрып қалады.

ТЖ қызметінің 112 нөмірін білетіндіктен хабарласқан екен, көп кешікпей «Нива» машинасымен Қызылжар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Аслан Ахметжанов пен жедел кезекші Асан Атжанов келе қалып, батып тұрған машинаны қар құрсауынан шығарып, Қызылжар қаласына дейін жеткізіп салады. Осыған ресейліктер қатты риза болып, өздерінің хаттарының соңын былай қорытады: «Спасибо вам огромное за вашу нужную службу. Спасибо от души Вашим сотрудникам, которые сработали быстро, оперативно и заботливо».

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше