Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының шетіндегі дүкендердің бірінде жуырда сатушыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткен қарақшы ұсталды. Ол 30 мың теңгедей ақша алып кеткен. Қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізуге кірісті.

Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды

Сауда нүктесі бейнебақылаумен жабдықталмаған. Алайда криминалдық полиция қызметкері оқиға орнында жұмыс жүргізіп, жәбірленушінің сипаттауынан бұрын бірнеше рет сотталған 31 жастағы қала тұрғынынан күдіктенген. Тексеріс барысында күдік расқа айналған. Күдіктінің үйінен әйелге кезенген пышақ табылады. Аталған факті Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Бірінші ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Талғат Смағұлов барлық сауда нүктелеріне бейнекамералармен жабдықталудың маңызды екенін ескертудеміз, дейді.