Ал кеше Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі LS порталы тілшілеріне кәсіпкердің ұсынысы туралы сауалына инвесторлар жинақ ақшасын тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін жібере алатынын айтып жауап берген. Осылайша, министрлік қазіргі уақытта жинақ ақшаны басқа мақсаттарға пайдалану мәселесін қарастыруды талқылап жатпағанын білдірді.
«Зейнетақы әрбір салымшының қарттығын қамтамасыз етеді», депті министрліктен.