Аймақтар • 28 Ақпан, 2021

Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантинге байланысты Ақмола облысында сотталғандар енді жақындарымен кездесудің орнына 2 сағаттық бейнебайланыс жасайды.

Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады

Қазақстан Республикасының көптеген мекемелеріндегідей, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25-те карантинге байланысты туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынады.

«Бүгінгі күнге дейін сотталғандарға ҚР ҚАК 109-бабына сәйкес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын таксофон бойынша бейнеқоңыраулар мен қоңыраулар қолжетімді болды. Енді сотталғандардың жақындарымен бейнеқоңырау арқылы екі сағат сөйлесуге мүмкіндігі бар», деп атап өтті Ақмола ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Процедураның қолжетімді болуы үшін сотталушы қысқа кездесуді 2 сағаттық бейнеқоңырауға ауыстыру туралы өтініш жазуы керек.

«Әрине, бұл шынайы кездесуді алмастыра амайды, бірақ туыстарымыз бұл КВИ-дің алдын алуға және таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары екенін түсінеді. Ал бейнеқоңырау арқылы сөйлесу бізге кем дегенде біраз уақыт отбасымыздың ортасында болуға мүмкіндік береді», деп қосты сотталған Ерлан.