Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай дзюдодан жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен кезекті Қазақстан чемпионаты өтті.

Алдымен Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт сарайындағы ел біріншілігінде еліміздің 13 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 2004, 2005, 2006 жылдары туған 680 жас дзюдошы белдесті. Әр аймақ 16 салмақ дәрежесі (ұлдар, қыздар) бойынша құрама жасақтаған. Аталмыш ел біріншілігінде жеңімпаз және жүлдегер атанған татами шеберлері ұлттық құрама сапына іріктеліп, Азия және әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік алады.
Бес күнге жоспарланған жылдың маңызды додасын спорт сүйер қауым тікелей эфирден ғана тамашалады. Өйткені санитарлық талаптар бойынша спорт сарайына әзірше жанкүйерлердің кіруіне рұқсат жоқ. Сонымен қатар спортшыларға ПТР тесттің болуы да міндеттелді. Жарыс уақытында спорт кешеніне тек белдесетін балуандар мен жаттықтырушысы және төрешілер ғана кіргізілді.
Пандемия салдарынан татами шеберлері жыл бойы жарыстарға қатыспағандықтан болар, біріншілік ә дегеннен-ақ тартысты, әрі эмоцияға толы болды. Қыздар арасындағы 40 кило салмақта жауырыны жерге тимеген шымкенттік Сабина Юлдашева топ жарса, 44 килода Түркістан облысының өкілі Айман Ибрагимова бас жүлдені олжалады. Сонымен қатар жамбылдық Ардақ Нұрсақ (48 кг), Алматы облысының өкілі Аружан Ережепова (52 кг), атыраулық Дана Әбідрова (57 кг), қостанайлық Дина Балун (63 кг), қарағандылық Диана Телбаева (70 кг) және 70 килодан жоғары салмақтағы Дильназ Рустамқызы (Алматы облысы) өз салмақтарында үздік шықты.
Ұлдар арасындағы белдесу де тосын оқиғаларға толы болды. Атап айтар болсақ, қостанайлық Баймурзин Архат (50 кг), Атырау облысының балуаны Олжас Құмар (55 кг), шымкенттік Аян Байкенжеев (60 кг), маңғыстаулық Қанат Әбитұлы (66 кг), ақтөбелік Нұржан Бисенов (73 кг), қарағандылық Ұлан Алтаев (80 кг), шымкенттік Мейіржан Беріков (90 кг) және 90 килодан жоғары салмақта Алматы облысының балуаны Дамир Ахет ел чемпионы атанды.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша, Алматы облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен көш бастады. Ал Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 3 қола жүлде иеленген Қарағанды облысының жасөспірімдер құрамасы үздік үштікті қорытындылады.
Дзюдодан ел біріншілігі аяқталған бетте «Жекпе-жек» спорт сарайының боз кілеміне еліміздің 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы грек-рим балуандары шықты. Үш күнге жоспарланған чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстан 200-ден астам балуан қатысты. Балуандардың бәсекесі де UWW (Халықаралық күрес федерациясы) ережесі бойынша көрермендерсіз және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде балуандар 55, 63 және 87 килоға дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. 55 килода қызылордалық Алпамыс Дастанбек барлық қарсыласын еш күмәнсіз жеңсе, 63 килода сынға түскен елордалық Асаухат Мухамадиев финалдық кездесуде Алматы облысынан келген Ғалым Қабдунасаровтан басым түсті. Ал 87 килода белдескен тағы бір елордалық балуан Мақсат Сайлау бас жүлде үшін өткен бәсекеде Жартас Нұрғалиды (Алматы облысы) ұтып, алтын медаль тақты.
Екінші жарыс күнінде 60, 67 және 77 кило салмақтағы балуандар белдесті. 60 килодағы финалдық сайыста шығысқазақстандық Нұрсұлтан Базарбаев боз кілем иесі Нұрболат Темірбаевтан айласын асырып, Қазақстан чемпионы атанды. 67 килода Жамбыл облысының балуаны Дін-Мұхамед Қошқардың бағы жанды. Ол финалда шығысқазақстандық Мадияр Малтекбаевты жеңді. 77 кило салмақта ақтөбелік Дәулет Жалғасов үздік шықты. Финалда маңғыстаулық Рахат Сағымбаймен белдескен ол ел чемпионы деген атаққа ие болды.
Жарыстың соңғы күнінде 72, 82, 97 және 130 кило салмақтағы балуандар шеберлік байқасты. Ресей, Түркия және тағы басқа да шетелде өткен бірқатар халықаралық жарыста атой салған Алматы облысының өкілі Әлихан Көкенов (72 кг) ел чемпионатында да қарсылас шыдатпады. Финалда ол Ерасыл Нұрбосыновты алып жықты. Өткен жылғы ел біріншілігінде 77 килода топ жарған жамбылдық Диас Кален биыл да тұғырдың биік сатысынан көрінді. Ақтөбедегі додада 82 килода белдескен ол финалда қарағандылық Асылбек Әбдіхалықтан айласын асырды. Ал аса ауыр салмақта халықаралық турнирлерде ел қоржынына жүлде салып жүрген павлодарлық Антон Савенко (130 кг) чемпион атанды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар