Спорт • 01 Наурыз, 2021

«Металлургпен» бақ сынайды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің соңғы тур ойынын сырт айдында «Авангард» клубымен өткізді.

«Металлургпен» бақ сынайды

Омбыда өткен матч 5:2 есебімен мұ­зайдын иелерінің жеңісімен аяқталды. Алғашқы кезеңде екі клуб хоккейшілері бір-бір шайба соғып, үзіліске тең нәтижемен шықты. 3-минутта Кирилл Панюков есеп ашса, 16-минутта Илья Ковалчук таразы басын теңестірді. Екінші кезең басталған бетте Сергей Толчинский «Авангардтың» екінші шайбасын соқты. Ал үшінші кезең басында Даррен Диц мергендігімен көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізді. Әрі қарай жерлестеріміздің айдын иелеріне шамасы келмеді. 18 минутта қақпамызға жауапсыз үш шайба соққан Омбы командасы 5:2 нәтижесімен жеңіске жетті.

60 матчтан кейін 69 ұпай жинаған «Ба­рыс» биылғы тұрақты біріншілікті 6-орын­мен аяқтады. Сөйтіп плей-офф кезе­ңінде турнир кестесінде 3-орынға тұрақтаған «Ме­таллург» командасымен бақ сынайтын бол­ды. Екі ұжым арасындағы алғашқы екі ойын 2 және 4 наурызда Магнитогорскіде, кейінгі екі матч 6 және 8 наурыз күндері елордада өтеді.