Ерлер және әйелдер құрамасы қатысқан байрақты бәсекеде ел қоржынына алтын медальді әйелдер арасында 69 кило салмақта жұдырықтасқан әлем чемпионы Валентина Хальзова салды. Ал турнирдің финалында бақ сынаған Ангелина Лукас (51 кг) пен Надежда Рябец (75 кг) қарсыластарына есе жіберіп, биылғы жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ Карина Ибрагимова (60 кг) қола медальге ие болды.
Өкінішке қарай, ерлер құрамасы ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады. 8 салмақ бойынша жұдырықтасқан жігіттеріміз небәрі екі қола жүлде еншіледі. Атап айтар болсақ, жастар арасындағы Азия чемпионы, былтырғы ересектер арасындағы ел чемпионатының қола жүлдегері Бейбарыс Жексен (57 кг) мен 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқанат Райыс (75 кг) үшінші орынды қанағат тұтты.