Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 11 қарақшылық, 32 тонау және 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді Нұрділдә Ораз.