Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Шын Жүректен»: Jurekten.kz әлеуметтік, волонтерлік жобасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

Еліміздің тұрғындары алғыс білдіргісі келетін адамдарына «рақметін» жеткізе алады. Ол үшін сайтқа кіріп, алғыс жіберу жеткілікті. Жылы сөздерді кез келген адамға: ата-ана, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе бейтаныс адамдарға да арнауға болады.

Жоба жетекшісі Black & White Production компаниясының атқарушы продюсері Адина Хамардың айтуынша, «Рақмет» деп айту қиын нәрсе емес, оны естіген адамның да қуанып қалатыны сөзсіз.

«Біз қазір пандемия тудырған, қиындықтар мен шектеулер әсер етіп жатқан ерекше уақытты бастан өткеріп жатырмыз. Біздің жобаның мақсаты – адамдарды осындай күрделі кезеңде біреуге шын жүректен алғыс айтып, ризашылық білдіруге шақыру», деді Адина Хамар.