«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады. Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын, сондай-ақ, облыстар, қалалар мен аудандарға арналған 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында партия жанында 14 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Әрбір кеңес партия сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысады.
Жұмыс істеп тұрғандары:
- Партиялық бақылау комитеті
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
- Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі
- Құқықтық кеңес
- Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес
Құрылады:
- Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес
- Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес
- Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес
-Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңес
- Өңірлік даму жөніндегі кеңес
- Азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі кеңес
- Жастарды қолдау жөніндегі кеңес
- Экологиялық кеңес
- Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес
Қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымын, сондай-ақ тиісті басшылардың кандидатураларын партия Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді. Орталық және өңірлік деңгейдегі кеңестердің құрамына партиялық тізімдерден 2 мыңға жуық резервші, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, сайлауалды уәделерді орындау жөніндегі Республикалық Жол картасы Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен Мәжілістегі фракция отырысында талқыланған болатын. Өңірлерде сайлауалды бағдарламаларды орындау бойынша 216 жол картасы жария талқыланды және бекітілді.
Партияның Орталық аппараты жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады. Ал Үкімет пен әкімдер жанындағы республикалық және өңірлік штабтар тиісінше республикалық деңгейде – 1,7 мыңнан астам және өңірлік деңгейде – 81 мыңнан астам индикаторды орындауға алады. Биылдың өзінде индикаторлардың 24%-ін орындау жоспарланып отыр.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар