Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі

6 рет көрсетілді

Түркістан облысында әр үйдегі газ құрылғыларының орнатылу тәртібі жаппай тексеріледі.

Табиғи газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары толық сақталуы тиіс. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық мәжілісте осындай тапсырма берді. Облыс басшысы газ пештерін орнатуда жіберілген қателіктер үшін жауаптыларға шара көруді міндеттеді.

«Бүгіннен бастап барлық әкімдерге де айтамын, газ кірген жерлердің барлығын тексеріп шығу керек. Шұғыл түрде. Әр ауланы аралап жүріп, тексеру керек. Қажет болса, сол газды орнатқан мекемені жазалау керек», деді облыс әкімі.

142

Облыс басшысының төрағалығымен өткен отырыста орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған тұрғын үйлерді толықтай тексеріп шығу, жазатайым оқиғаның алдын алу жүктелді. Талап бұзылғандар табиғи газдан ажыратылуы мүмкін. Осы мәселеге қатысты облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов баяндама жасады. Айтуынша, жылыту маусымы басталғалы үгіт-насихат жұмысының барысында 45 мыңнан астам өрт қауіпсіздігінің кемшілігі анықталып, ретке келтірілген.

«Арнайы топ камин пештер пайдаланбауға, одан бөлек шатырдан шыққан құбырларды да бекітіп қоюға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Өкінішке орай, тұрғындардың көпшілігі біз кеткен соң, қайтадан өз дегендерін істеп, қауіпсіздік ережелерін бұзуда. Оған дәлел, екінші рет барғанда анықталып жатқан фактілер де бар. Төтенше жағдай саласы тарапынан осы камин пештерін пайдаланғаны үшін әкімшілік шараға тарту немесе оны тоқтату талаптары қарастырылмаған»,  деді департамент басшысы.

758

Облыс аумағында жалпы 376 мыңнан астам жеке тұрғын үй есепке алынған. Оның 204 мыңнан астамы табиғи газ пайдаланады. Бұдан бөлек, өңірде 1,5 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Бірлігі жарасқан елміз

Пікір • Бүгін, 08:10

Қазақ кітабының күні қажет

Қоғам • Бүгін, 07:57

«Болашақтың» ғалымдары

Ғылым • Бүгін, 07:42

Арынғазы

Руханият • Бүгін, 07:32

Аманат арқалағандар

Руханият • Бүгін, 07:31

2020: Музейге қанша адам барды?

Руханият • Бүгін, 07:29

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар