23 Сәуір, 2010

МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЫЙЫ

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тасқыннан зардап шеккен Қызылағаш ауылының тұр­ғын­дарына көрсетілген қайырым­ды­лық шараларынан жоғары оқу орындарының ұжымдары да сырт қалмай келеді. Алма­ты­дағы С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медицина уни­верситетінің ұжымы бір күн­дік жалақыларын жинап, медици­на­лық көмек көрсететін құ­ралдармен жабдықталған “Же­дел жәрдем” автокөлігін сатып алып, осындағы дәрі­гер­лік амбулаторияға сыйға тартты. Қызылағаш ауылына ар­найы келген университет рек­то­ры Айқан Ақанов бастаған, құрамында академиктер Төре­гел­ді Шарманов, Камал Ор­ман­таев бар делегация тұрғын­дар­ға басқа түскен ауырт­па­лық­қа бекем болып, ел ірге­сі­нің беріктігі арқылы қиындық­тарды еңсере алатындықтарын жеткізді. Бүгінде елді мекенде 280 үйдің қабырғасы қаланса, 67 үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасқан. Ақтоған мен Егінсу ауыл­да­рында да құрылыс қарқын ал­ды. Ақтоғанда 32 үйдің ірге­та­сы, 11 үйдің кірпіші қаланса, 2-уі бітуге жақын.  Егінсуда да 22 үйдегі құрылыс жұмыс­та­рына 200-ден астам сәулет зер­герлері тартылып, баспанасыз қалған тұрғындардың сұраны­сын орындауға күш салуда. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. КӨМЕГІМІЗДІ ҰСЫНДЫҚ Қызылағаштағы су тасқы­ны­нан болған апат ақжайық­тық­тар­дың да жанына батты. Хал­қымызда ежелден келе жат­қан бір жақсы қасиет бар. Ол – өзгенің қайғысын өз қай­ғы­сындай көре­тін, қолұшын бе­ріп, көмек көрсетуге әзір тұратыны. Оқиғаны естіген бой­да-ақ аудан тұрғындары жұ­дырықтай жұмылды. Оған “Нұр Отан” ХДП аудандық фи­лиалы мен мәслихат депу­тат­тары ұйытқы болды. Соның нә­тижесінде 3 миллион 85 мыңнан аса теңге жиналып, со­ны зардап шеккен бауыр­ларға жібердік. Мұн­дай көмек қолын созу алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. Дәулетжан ЖАҚСЫБАЕВ, аудандық мәслихат хатшысы. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы.