Ай аралатпай бір банктің қызметі тоқтайды, немесе екі банк қосылып біреуге айналады. Бұл үрдіс соңғы кезде тіпті үдеп барады. 30 жылда 136 банк жабылса, соңғы 5 жылда 9 қаржы институты нарықтан шығып қалды.

Бірнеше жыл бұрын ғимарат маңдайшаларында мен мұндалаған Qazaq Bank, «Астана банк», «Казинвестбанк», «Эксимбанк», Delta Bank деген жазулар көзден де, көңілден де кетті. Одан беріде «Халық банк» пен «Қазком» бірікті, Tengri Вank пен Capital Вank жұп құрады. 2020 жылдың соңында Tengri Вank лицензиясынан айырылып, енді Capital-ға да тықыр таянды. 2019 жылы AQR – банк активтері сапасын бағалау жүйесі енгізіліп, алайда бір ғана банк – First Heartland Bank қызметін доғарды. Былтыр жыл соңында Jýsan банк АТФ Банкін, «Фридом Финанс» өз қатарына Kassa Nova-ны қосты. Жыл басында клиенттер алдындағы міндеттемесін орындай алмаған AsiaCreditBank лицензиядан айырылды. Дәл қазір бұл банкте 23 174 жеке тұлғаның 19 млрд теңге қаражаты бар көрінеді. Қысқасы, банктер жылды былай ысырып, ай сайын азая бастады. Бұл қаншалықты қалыпты немесе қауіпті құбылыс?
– Қазір біздегі банк саны 25 болды. Олардың азаюы жақсы көрсеткіш емес. Бәсекелестік азаяды. Банктердің жиынтық қарыз портфелі сәл-пәл жақсы жағдайға келуі мүмкін. Capital Bank, Tengri Bank және AsiaCreditBank-ке бірігу туралы ұсыным берілген кезде, олар бірыңғай шешім қабылдай алмады. Енді жеке-жеке нарықтан кетуге мәжбүр. Бір жағынан бізде экономикалық белсенді халық саны 9 млн-нан сәл асады. Сондықтан осыншама адамға 25 банк бәлкім, жеткілікті де шығар, – дейді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.
Қаржыгер Жалғасбек Ақболат банктердің азаюы қаржы секторына еш қауіп төндірмейді, керісінше пайдалы болады деген пікірде.
– 2008 жылы қаржы нарығында үлкен дағдарыс болып, Ұлттық қордан 100 млрд доллар алынған еді. Соның 4 млрд-ы банк секторын құтқаруға жұмсалған. Ал нарықтық экономикада өмір сүріп отырғандықтан жиған-тергенімізді банктердің аузына құймай, оларды тығырықтан өздері шығатындай жол көрсетуіміз керек еді. Дәл сол кездегі әрекетіміз социалистік елдің салтына ұқсап кетті. Алайда мемлекет банктерді сақтап қалуға белсене кірісті. Сөйтіп шын мықтылардың іріктелуіне жағдай жасай алмадық. Енді міне, 12 жыл өткен соң нарықта тек мықтылар қалу керек екендігін түсіне бастаған сияқты. 2018 жылдан бері де талай банкті сүйреп келдік. Сондықтан банктердің азаюы қауіп тудырмайды. Әрине, азды-көпті минусы бар, дегенмен нарыққа әсер етерліктей емес, – дейді қаржыгер.
Акционерлер банкті қызғыштай қоруды, қиын кезде оған қорған болуды үйренуі керек. Әйтпесе, қит етсе мемлекеттің қолтығына тығылу түбінде абырой әпермейді деген ой айтады.
– 2007-2009 жылғы дағдарыс кезінде акционерлер мемлекеттен көмек алуға үйреніп алды. Банк банкроттыққа ұшыраса акционерлер өздері қаржы шығарып, құтқарып қалуы тиіс еді. Дегенмен мемлекет біртіндеп болса да өз бетінше ойыншыға айналу керек екендігін түсіндіріп келе жатыр. Соған сай акционерлер де бәсекелестікке бейімделе бастайды. Банктердің жабыла беруінің бір салдары – салымшылардың банктерге деген сенімі азаяды. Жыл сайын бірнеше банктің қызметін тоқтатуы жаңадан ашылатын банктер жұмысына кедергі болмақ. Халықтың көкейінде «бұл банктің де ертең жабылып қалмасына кім кепіл?» деген күмән тұрады. Меніңше, 18 млн халық үшін 25 банк көп секілді. Біз үшін 20 банктің өзі жеткілікті, – дейді Ж.Ақболат.
Экономист Жарас Ахметовтің ойынша, банктердің қоғадай жапырылуы алаңдаушылық тудырады.
– Банк секторындағы бәсекелестік деңгейінің төмендеуі экономика үшін қуанарлық ахуал емес. Қазақстанда алуан түрлі несие ұйымдары жоқ, – дейді эксперт.
Бізбен сұхбаттасқан тағы бір сарапшы, экономист Тимур Әбілқасымовтың пікірінше, өз-өзін асырай алмаған қаржы институттарының нарықтан кетуі – әлдеқайда әділетті әрекет.
– Банк секторындағы бәсекелестіктің төмендеуі әрине, жақсы емес. Банктер санының азаюы экономикалық жағдайдың нашарлауының сенімді көрсеткіштерінің бірі. Алайда өзін өзі басқара алмайтын банктерді тарату керек. Мәселен, AsiaCreditBank проблемасы 5 жыл бұрын басталған, алайда осы уақыт ішінде акционерлер де, банк менеджерлері де ешқандай шара қолданбады. Банктің шағын екеніне қарамастан, дефолтқа ұшыраған қаржы институтын нарықта қалдыру жақсы тәжірибе емес. Тұрақсыз жағдайына байланысты банктер санының азаюы рейтингтік агенттіктердің бағалауында көрінеді. S&P бағалауы бойынша, Қазақстан банк секторының елдік тәуекелдерінде (BICRA) 9 категорияға жатқызылған. Ол жерде минималды тәуекел деңгейі 1 болса, максималды тәуекел 10. Қаржы нарығында мәжбүрлеп тарату қаншалықты көп болса, BICRA рейтингі де соғұрлым нашарлай түседі, – дейді Т.Әбілқасымов.
Пандемия кезінде туындаған түрлі тәуекелдер мен қиындықтарға қарамастан, отандық банк секторы 2020 жылдан бүйірі томпайып шықты. Биыл жыл басында банк секторы активтері 31,17 трлн теңгені құраған. Бұл ІЖӨ-нің 43,6 пайызы. 2019 жылмен салыстырғанда 16,3 пайыз өсім байқалады. Яғни локдаун мен шектеу шаралары банк секторына айтарлықтай әсер етпеген. Т.Әбілқасымовтың айтуынша, банктер жақсы жұмыс істегендіктен емес, мемлекет тарапынан қолдаудың, экономикалық ынталандырудың мол болғандығынан өсім көрсетті. «Пандемия банк секторы активтерінің сапасына әсерін тигізді, алайда оның нәтижесі дәл қазір емес, біраз уақыттан соң көрінеді. Оның әсерінің қандай болғаны 2021 жылдан бастап көрініс бере бастауы мүмкін» дейді. Сарапшының сөзінше, қаржы ұйымдары 2020 жылы болған жағдайларды байыптап, қосымша провизиялар құруы керек. Қаржы портфелінің нашарлауы биыл да жалғаса беруі мүмкін деп болжайды сарапшы. Сарапшы Н.Бияқаевтың пікірі де осы оймен үндеседі. Шағын бизнес пен жеке тұлғалардың несие төлемін кейінге шегеруге мүмкіндік алуына байланысты актив өсімімен салыстырғанда банктің провизиялық бөлігі (шығындары) тоқтады.
– Яғни кейінге шегеру мерзімінде банк пруденциалды нормативтерді (ред – бұл – өтімділік және капитал көрсеткіші) біршама әлсіретті. Банктер бұл кезде параллельді түрде қаржыландыруды, несие беруді жалғастырып жатты. Барлық операция әдеттегі режімде жұмыс істеді. Содан болар, 2020 жылы банк секторы өсім көрсетті, – дейді ол.
Оның айтуынша, қызметі күмән тудырып тұрған қаржы мекемелері баршылық. Н.Бияқаев бұған қатысты былай айтады.
– Егер былтырғыдай локдаун, күшейген пандемия, блок-бекеттер күтіп тұрса, онда банктерге оңай тимейді. Бұл дереу қарыз портфелінің сапасына әсер етпек. Әсіресе, CapitalВank пен «Нұрбанктің» жағдайы ойландырады. Егер акционерлер шешімтал қадам жасамайтын болса, онда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті ескерту жасап, қатаң әрекетке баруы мүмкін. Көп нәрсе банктердің, акционерлердің немесе банкті басқару органдарына тікелей байланысты. «ТұранӘлемБанк», РБК банктеріндегідей дұрыс емес әрекет басталса және одан әуелі банк, сосын клиент зардап шексе, онда ол жерде негативті эффект тәуекелі басталады. Сондықтан ешқандай банк сақтандырылмаған. Ең бастысы, дұрыс әрі қолайлы саясат жүргізе білу. Егер қалған 25 банк дұрыс жұмыс істей алса, онда банк секторындағы тәуекелдер төмендей қоймайды. Тәуекел көп. Мәселен, пруденциялық нормативтерді сақтамау, соның салдарынан агенттік қаһарына ұшырау секторда үлкен қауіп-қатерді тудырады, – дейді тәуелсіз сарапшы.
Қаржыгер Ж.Ақболат та кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген 1 трлн теңге банктерге біраз нәпақа болды дейді. Оның сөзінше, банк саны қазіргіден мейлі екі есе азайсын, енді мемлекет бастан сипауды тоқтатқаны жөн.
– 2021 жылдан бастап шетелдік банктер біздің елге келіп, филиалдарын аша алады. Алайда шетелдік компаниялар олай істеуге онша құлықты емес сияқты. Өйткені бізде базалық пайыздық мөлшерлеме – 9 пайыз. Бұл пайызды еселеп несие беру олар үшін тиімді бола қоймайды. Дегенмен шетелдік банктердің келуі біздің банк секторындағы ұжымдық мәдениет деңгейін көтеріп, сапаның артуына жол ашады деп ойлаймын. Шынын айту керек, біздің банктердің көпшілігінде әлі күнге корпоративтік мәдениет жоқ. Оның болмауы қызмет сапасының төмендеуіне тікелей әсер етеді. Енді бұдан былай банктердің басынан сипай берудің қажеті жоқ. Зейнетақы қорынан да, Ұлттық қордан да ақша алып жатыр. Одан бөлек азаматтардың салымы бар. Соны несие етіп береді. Ал несиенің пайызы тым жоғары. Олардың әрқашан пайдасы түгел. Сондықтан онсыз да жағдайы жақсы банк секторын одан сайын мәпелеп, аялау енді артық болады. Мейлі, саны 15-ке дейін, 10-ға дейін азайсын. Бұл бізді еш алаңдатпауы тиіс, – дейді сарапшы.
2020 жылы сектордың жиынтық табысы 726,8 млрд теңгені құрапты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,5 пайыз немесе 76 млрд теңгеге аз. Ең табысты әрі тартымды банктер көшін «Халық банк» бастаған. Таза табысы – 318,4 млрд теңге. Одан кейін Kaspi (231,5 млрд), Сбербанк (60,5 млрд), Forte (53,2 млрд) және Ситибанк (50,8 млрд) орналасқан. Төрт банк теріс нәтиже көрсетті: АзияКредитБанк (-4,7 млрд теңге), Capital (-4,9 млрд), «Нұрбанк» (-48,4 млрд) және АТФ (-120 млрд).
90 күннен артық төленбеген несие көлемі (NPL) бір жыл ішінде 10 пайызға (1,2 трлн-нан 1,08 трлн теңгеге) төмендеген. Екінші деңгейлі банктер портфеліндегі ондай займдар үлесі 6,82 пайызды құрайды. Банк жүйесіндегі провизия да азайған, бірақ қарқыны NPL-ға қарағанда бәсеңдеу – бір жылда минус 7,6 пайыз. Провизия бойынша жиынтық көлем 1,83 трлн теңгені құрайды. Деректерге қарап тағы бір-екі банктің биыл да жабылатынын не болмаса өзгелердің құрамына қосылып тынатынын болжауға болатындай.
Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси консультациялар өтті
Саясат • Бүгін, 20:13
Елорданың кейбір мекемелерінде кальян әлі де ұсынылады
Елорда • Бүгін, 19:51
«Махаббат, қызық мол жылдар» романы жаңа форматта қайта басылып шықты
Әдебиет • Бүгін, 19:32
Қазақстандық әскери делегация ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысына қатысты
Қоғам • Бүгін, 19:15
iKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады
Елорда • Бүгін, 19:04
Қазақстан екі апта бойы «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 18:45
Қызылорданың Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Қазақтың Нурикамалы дүниеден өтті
Руханият • Бүгін, 18:38
ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Түркітілдес елдердің футбол федерациялары бірігуі мүмкін
Футбол • Бүгін, 18:20
Алтай Көлгіновтің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:14
Аймақтар • Бүгін, 18:02
«Ахмет Ясауи» телехикаясы эфирге шығады
Кино • Бүгін, 18:01
Қостанайлықтар футзалдан ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:53
Шетелден ПТР-анықтамасыз келетіндер азайды
Қазақстан • Бүгін, 17:41
Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы жиіледі
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жастар арасында суицидтің алдын алу жұмыстары басталды
Қоғам • Бүгін, 17:30
Қостанай облысында трактор аударылып, 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Нидерланды Елшісі Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жұмысын жоғары бағалады
ANTIKOR • Бүгін, 17:18
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:06
БЖЗҚ салымдары пәтер бағасына әсер ете алмайды
Экономика • Бүгін, 17:00
Діни ақпараттық-түсіндіру тобы павлодарлықтармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Оқушыға көркем әдебиетті оқытудың жолы қандай?
Әдебиет • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары онлайн кездесу өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:44
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 16:40
Адамзат соғыстан емес инфекциядан көп зардап шекті – ғалым
Коронавирус • Бүгін, 16:40
Шенеуніктердің кесірінен балалар спорт секцияларына қатыса алмай отыр
Қоғам • Бүгін, 16:28
Қ.Тоқаев АҚШ-тағы елшіге Байден әкімшілігімен ынтымақтастықты жолға қоюды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:22
СЭС шара қолданбай отыр: Алматыдағы Әуезов ауданының әкімі карантин ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Шымкентте «Ақылды аялдамалар» орнатылады
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Тұрғын үй бағасы қашан тұрақтайды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Дәрігерлер «вакцинадан қайтыс болған» зейнеткерге қатысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 15:48
«Қауіпті зат табылды»: Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Ақтауда «Өрмекші адам» пайда болды
Видео • Бүгін, 15:39
Жамбылда 4 ауыл ішімдік сатудан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 15:38
Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды
ANTIKOR • Бүгін, 15:36
Бас басылымның PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты
Егемен Қазақстан • Бүгін, 15:30
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:14
Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда
Спорт • Бүгін, 14:57
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
Елорда • Бүгін, 14:50
Мәжіліс ЕАЭО туралы шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 14:34
Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Таразда карантин талаптарын бұзу тоқтамай тұр
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Елордада сегізінші веломаусым басталады
Елорда • Бүгін, 13:51
ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:40
NIS түлегі робот-техника бойынша тегін онлайн курс бастады
Технология • Бүгін, 13:28
Грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 13:13
Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды
Оқиға • Бүгін, 13:06
Полиция қызметкері жасөспірімнің өліміне себеп болды
Оқиға • Бүгін, 13:03
Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салынады
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі
Қоғам • Бүгін, 12:50
Ертіс өзенінде балықтардың не себепті қырылғаны белгілі болды
Экология • Бүгін, 12:45
Жеңіс күніне арналған әскери парад бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:39
Өткен жылы 140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілген
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Елімізде доллар бағасы бірден төмендеді
• Бүгін, 12:17
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді қабылдауда
Елорда • Бүгін, 12:16
Вице-министр: Баспана кезегіне қайта тіркелуге жол берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:15
Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Петропавлда үш айда 211 интернет-алаяқтық тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 11:47
«Ақжайық» бапкері матч кезінде инфаркт алды
Футбол • Бүгін, 11:40
Коронавирусты жаппай вакцинасыз жеңу мүмкін емес – алматылықтар
Коронавирус • Бүгін, 11:29
Алматыда бетон араластырғыш көлік дүкенге соғылды
Видео • Бүгін, 11:20
Антикор қалалар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелерді шешуде
ANTIKOR • Бүгін, 11:17
Мектептен өрт шығып, 20-ға жуық оқушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме
Коронавирус • Бүгін, 11:04
Алматыдағы сауда үйінің маңындағы жол апатына қатысты сот сараптамасы шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Ауа райы • Бүгін, 10:43
Қызылордада карантинді бұзғандарға 11 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 10:36
Ұқсас жаңалықтар