Бұрын ең соңғы үміт – ЭКҰ арқылы перзентті болу көбінесе бақуатты немесе ішпей-жемей аңсатқан сәби жолында қаражат жинайтындарға бұйырған бақ еді. Енді елімізде экстракорпоральды ұрықтандыру үдерісінің қолжетімділігі артып келе жатқанын қуана хабарламас бұрын, елімізде 11 мыңнан астам әйелдің бедеулік есебінде тұрғанын айта кету керек. Бұл ресми статистика ғана, шындығына келсек, сәбилі болуды аңсайтын отбасылар әлдеқайда көп.

Сондықтан ЭКҰ бағдарламасына 2021 жылы бөлінген квота саны 7 мыңға дейін көбейді. Бұл квота беру көрсеткіштерін кеңейтуге, оларды алу кезегінің азаюына мүмкіндік береді. Бағалай білгендерге бұл да бақытты болу жолында мемлекет тарапынан жасалып жатқан орасан демеу, қомақты қаражат.
Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру үдерісінің қолжетімділігі артты деуге хақымыз бар. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне енген болатын.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен жүзеге асырылып келді. Биыл елімізде 7 мыңға жуық үміткер «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасы шеңберінде ЭКҰ жасатып, ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндік алмақ. «Мәселен, 2020 жылы Алматы қаласында 643 ЭКҰ жасалған. Оған 563 млн теңге бөлінді. Биыл 1 238 манипуляция жоспарланған. Оған қарастырылған сома 2 есе артып, 1,1 млрд теңгені құрап отыр», дейді филиал директоры.
Биыл оңтүстік астанада аталған бағдарламаға 7 медицина ұйымы қатысып жатыр. Барлығы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Бұлар – «Private clinic» ЖШС, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ, «PERSONA» ЖШС, «Экомед» фирмасы» ЖШС, «Репродуктивтік медицина институты» ЖШС, «Клиника AMD» ЖШС, «Нұрай» ЭКО клиник» ЖШС.
ЭКҰ бағдарламасына қатысу үшін тіркелген емханаға барып арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлер квотаға кезекке қояды. Квота жергілікті Қоғамдық денсаулық басқармасындағы арнайы комиссия шешімімен беріледі. Осы арада қосалқы репродуктивтік әдістерді пайдалану процесі ДСМ 2020 жылы 15-желтоқсандағы бұйрығы негізінде жүзеге асырылатындығын еске сала кету керек. Бұйрықта жасанды ұрықтандыруға қойылатын талаптар толық жазылған. Мәселен, ЭКҰ бағдарламасына квота бойынша жасы 18-42 аралығындағы соматикалық, эндокриндік денсаулығы бірқалыпты әйелдер қатыса алады. Антимюллер гормоны көрсеткіші (АМГ) 1,0 нанограмм/миллилитрден жоғары, фолликулостимуляциялық гормон (ФСГ) көрсеткіші 12-ден төмен, ал фолликулдардың жалпы саны алтаудан кем болмауы тиіс.
Қалай десек те, экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі – дүние жүзінде белең алып жатқан бедеулік кеселіне қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Әлем елдері бұл әдісті пайдаланып келе жатқанына 40 жылдан асқан, ал Қазақстанда аталған процедура 1996 жылы қолданысқа енді. Қазіргі таңда республика бойынша 22 мыңнан астам бала осы бағдарлама арқылы дүние есігін ашқан.
«Ал Нұр-Сұлтан қаласында бедеулік бойынша есепте тұрғандар саны – 1 331. Біздің отбасын жоспарлау бөлімшесі ҚРТ көрсету – ЭКҰ-ға дайындау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде жетекші ұйым. Биыл елордаға 486 квота бөлінді. Әзірге 200 квота беріліп, пациенттер дайындалуда. Осы жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары бұрын қаралмаған және жеке медицина орталықтарына қаралған бедеулік көрсеткіштері бар пациенттерді анықтап, белсенді жұмыс жүргізуде», дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпбейінді аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары Сәуле Ибраева.
«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы биыл қаңтар айынан басталды. Осы бағдарлама аясында ЭКҰ-ға бөлінетін квота саны 7 есеге – 7 мыңға дейін ұлғайтылса, Алматыға 800 квота бөлінді. Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Келесі жылы министрлік тарапынан 300-350 квота жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің тарапынан келіп жатқан қаржының кімдерге берілетіні құрылып жатқан комиссия арқылы мамандармен бірге шешіледі», деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Мәселен, өткен жылы Алматыда ЭКҰ-ға 130 квота бөлінген болатын. Әйелдерді ЭКҰ-ға жіберу туралы шешім қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған комиссия отырысында қабылданады. Бүгінде кезекте 700-ден астам әйел тұр. Қорыта айтқанда, Алматыда мыңнан астам әйел сақтандыру есебінен ЭКҰ жасата алады.
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Қордай ауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Өскеменде жаңа үйлердің сапасы сын көтермей тұр
• Бүгін, 16:04
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Білім • Бүгін, 07:28
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Қоғам • Бүгін, 07:28
Ұқсас жаңалықтар