Спорт • 02 Наурыз, 2021

Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы кезекті халықаралық жарысқа аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады

Испанияда бокстан ерлер арасында "Boxam" халықаралық турнирі өтеді. Аталған байрақты бәсекеде ел намысын жеті былғары қолғап шебері қорғайды. 

Олар: 

52 келі: Махмұд Сабырхан;

57 келі: Серік Теміржанов;

63 келі: Зәкір Сафиуллин;

69 келі: Абылайхан Жүсіпов;

81 келі: Бекзад Нұрдәулетов;

91 келі: Василий Левит;

91 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай.

Айта кетерлігі, аталған халықаралық турнир 7 наурызға дейін жалғасады.