Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды

Іс-шараға қатысқан Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды  қайырымдылық марафонына атсалысуға шақырды.

«Өткен жыл күллі әлем үшін де, еліміз үшін де күрделі сынақтарға толы болды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантиндік шектеу кезінде атыраулықтар да  қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олардың арасында компаниялаар, медицина мен әлеуметтік сала қызметкерлері, құқық қорғау органының өкілдері, еріктілер, меценаттар, сондай-ақ, мұғалімдер бар. Қайырымдылық марафонына да сондай белсенділік танытуға шақырамын» деді Мхамбет Досмұхамбетов.

Қайырымдылық марафонында Атырау қаласы мен аудандарда жергілікті кәсіпкерлер арқылы аз қамтылған 700 отбасыны жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін алғашқы сертификаттар табыс етілді. Ал ондаған жыл бір бөлмелі пәтерде тұрып келген жеті балалы отбасыға Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті берілді.

Сондй-ақ, «Атырау облысының іскер әйелдері» қауымдастығының төрайымы Гүлжан Мұхатаева екі жасөспірімнің еміне және мүмкіндігі шектеулі медицина қызметкеріне қаржылай сертификаттар табыстады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы облыстық балалар ауруханасында онкологиялық сырқатпен емделетін балалар үшін 5 дана планшет табыс етті.

Соңғы жаңалықтар