2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. «Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №18, 309-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасында:
«Химия өнеркәсібі саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«
| 8 | Инжинирингтік қызметтер және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі қызметтер |
«Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:
«
| 2 | Жүрдек теміржол магистральдары үшін сұранысқа ие рельстер шығару |
| 3 | Қазақстанның темір жолдарына арналған бағыттамалы өнімдер шығару |
| 4 | Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету |
| 5 | Металл өңдеуші және дәнекерлеуші жабдықтарға қызмет көрсету |
«Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі» деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-жолдармен толықтырылсын:
«
| 7 | Геофизикалық қызметтер |
| 8 | Ұңғымаларды перфорациялау |
| 9 | Суасты жабдығы және ұңғымаларды тестілеу |
| 10 | Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу |
| 11 | Ұңғымаларды каротаждау |
| 12 | Жоғары технологиялы бұрғылау ертінділері |
| 13 | Қашаулар өндірісі және оларға қызмет көрсету |
| 14 | Ұңғымаларды цементтеу |
| 15 | Автоматты басқару, бақылау-өлшеу жабдықтарының қауіпсіздігі жүйелерін жобалау, әзірлеу, өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету |
| 16 | Бұрандалы сорғыларды, газ тарату пункттерінің өндірісін ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету |
| 17 | Геологиялық барлау |
| 18 | Бұрғылау жұмыстары жөніндегі қызметтер (оның ішінде теңіздік бұрғылау, көлденең бұрғылау) |
| 19 | Сейсмологиялық барлау |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.