Спорт • 03 Наурыз, 2021

Рейтингте жоғарылады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген бірқатар қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы жарқын жеңісінен кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде өз орындарын жақсартып алды.

Рейтингте жоғарылады

Мәселен, жуырда ғана Мексика жерінде кезекті жекпе-жегінде жеңіске жеткен бірін­ші орта салмақтағы қандасымыз Садрид­дин Ахмедов WBA тұжырымының наурыз айындағы рейтингінде үздік 15 бокс­шының қатарына кіріп, 15-орынды ие­ленді. Рейтингінің көшін Өзбекстан өкілі Исраил Мадримов (6-0, 5 КО) бастап тұрса, амери­калық Джермелл Чарло (34-1, 18 КО) WBA титулының «супер чемпионы» саналады.

Сондай-ақ ауыр салмақтағы жерлесіміз Жан Кособуцкий де аталған тұжырым бо­йынша әлемдік рейтингте ТОП-15 бокс­шының қатарынан орын алды. Жаңарған рейтингте ол 14-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBA Super чемпиондық белбеуі британиялық Энтони Джошуаға (24-1, 22 КО) тиесілі.