5-7 наурыз күндері Ташкент татамиінде өтетін белдесулерде ел намысын Елдос Сметов, Дамир Болатбеков (60 кг), Ерлан Серікжанов, Кемелбек Молдаш (66 кг), Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Руслан Мұсаев (81 кг), Асылан Сағитбек, Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Айбек Серікбаев, Арман Қалиев (100 кг) және Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (100 кг) қорғайды.
Ал 4-6 наурыз күндері ұйымдастырылатын Римдегі халықаралық додада 13 балуанымыз белдеседі. Атап айтар болсақ, Валентина Исламова (50 кг), Татьяна Ахметова, Асылзат Сағымбай (53 кг); Айша Уәлишан (55 кг), Эмма Тисина, Алтынай Сатылған (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Аяулым Қасымова, Ирина Кузнецова (62 кг), Гаухар Мұқатай (65 кг), Жәмила Бақбергенова (72 кг) және Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова (76 кг) боз кілемге шығады.