Спорт • 03 Наурыз, 2021

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өтетін Antalya Cup-2021 турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Жарысқа  Болгария, Словакия, Украина және Өзбекстан құрамалары қатысады.

Қазақстан жастар құрамасының халықаралық турнирдегі ойын кестесі:

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан.