23 Сәуір, 2010

АЗИАДАҒА АРНАЛДЫ

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше “Нұр Отан” ХДП Астана қалалық фи­ли­алын­да атал­ғ­ан филиал мен елорда бойынша кедендік бақылау де­пар­таменті, Олимпиадалық алау эстафе­та­сы және VІІ Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру жөніндегі қалалық ди­рекцияның ұйымдастыруымен “VІІ Қысқы Азия ойын­да­ры: дайындық дәрежесі және ықпалдастық басымдықтары” атты тақы­рып­та дөңгелек үстел өткізілді. Оны “Нұр Отан” ХДП Астана қалалық фи­ли­алы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан  Рақымжанов жүргізіп отырды. Отырыста 2011 жылғы еліміздің қос қаласы Астана мен Алматыда жа­лауын көтергелі отырған VІІ Қыс­қы Азия ойындарының Астана қаласындағы дайындық барысы және оған қатысты өткізіліп жатқан іс-шаралар жайы сөз болды. Сон­дай-ақ кедендік бақылау рәсімдері­нің жеңілдетілген және аталмыш дү­бірлі додаға арналған кедендік жүк­терді тіркеу тәртібі де назардан тыс қалмады. Жиында сөз алған Аста­на қаласы кедендік бақылау департаментінің директоры Нұржан Ашиханов пен Олимпиадалық алау эстафетасы және VІІ Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру бойынша қалалық дирекцияның директоры Наиль Нуров қазіргі таңда Азиадаға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес жиынға жиналған жұрт­шы­лық пен БАҚ өкілдері “Әуежай – Астана” кедендік бақылау және Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің кедендік ресімдеу орталығы кеден бекеттерінде болып, олардың Азиадаға қатысты жасап жатқан жұмыстарымен танысты. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.