Өткен тәулікте Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 302 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 946 адам, анықтамасыз 356 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 519 жолаушы, анықтамамен - 1 484, анықтамасыз - 35;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 300; анықтамасыз - 243;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 101 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 60; анықтамасыз – 78.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген барлық 246 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.