Қазақстан • 04 Наурыз, 2021

2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір елімізде ана мен балаға материалдық көмек көрсетуге бағытталған 6 жәрдемақы мен 2 төлем бар. 2020 жылы шамамен 1,9 млн адамға республикалық бюджеттен, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге қолдау көрсетілген. Бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71 пайызға (372 млрд. теңге) артық.

2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?

Былтыр 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны алған. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 2020 жылы орта есеппен 120,9 мың адам алыпты. Оларға 31,7 млрд теңге төленген.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 49,1 млрд теңгені құрап, 232,3 мың әйел қамтылған. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны (236,2 млрд теңге) 2020 жылы 428 290 мың отбасы алған.

2021 жылға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 755,4 млрд теңге, оның ішінде бюджеттен 501,7 млрд теңге және МӘСҚ-тан 253,7 млрд теңге қарастырылған.