Оқиға • 04 Наурыз, 2021

Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған

Ведомствоның мәліметінше, оқиға ақпанның 04-де Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС шахтасында орын алған. Бұл туралы сағат 03:02 Астраханка ауылының 19-ӨСБ байланыс пунктіне Ақбейіт ауылында төтенше жағдайға тап болған адамдарды құтқару және эвакуациялау үшін көмек қажет екендігі туралы хабар түсті.

«Құтқарушылар «ТРЭКОЛ ВЕГА» жол талғамайтын көлігімен шақыру орнына жіберілді. 1991 және 1990 жылғы екі ер адам 100 метр тереңдікте ауыр халде болды, оларды шахтадан басқа кеншілер алып шықты және құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Метеорологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына дәрігерлермен бірге шығып, зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялады», деді Астрахан ауданының ТЖБ бастығы Аят Сералиев.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35