Қаржы • 04 Наурыз, 2021

2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті

21 рет көрсетілді

2021 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 70 төлем ұйымы тіркелген, деп жазады Egemen.kz

2020 жылдың қорытындысы бойынша төлем ұйымдарының сервистері арқылы 2,3 трлн теңге сомаға 430,1 млн транзакция жүргізілді. 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, сома 15%-ға ұлғайған кезде операциялар саны 7%-ға төмендеді. Бұл төлемдердің 64,5%-ы 1,5 трлн теңге ұялы байланыс операторларының қызметтеріне ақы төлеу мақсатында 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 26,4%-ға асып өткізілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша әрбір екінші операция төлем терминалдары мен кассалар арқылы қолма-қол ақша енгізу арқылы жүзеге асырылды.

Бұл ретте 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылы клиенттер онлайн тәсілмен бастамашы болған операциялардың саны мен көлемі 2 есе (656,6 млрд.теңге) және операциялар саны бойынша 1,5 есе (97 млн операцияға дейін) ұлғайды.

Қазақстанда жұмыс істейтін 28 электрондық ақша жүйесінің 24 электрондық ақша жүйесінің операторлары төлем ұйымдары болып табылады, 4 электрондық ақша жүйесінің операторлары екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта» АҚ.

2020 жылдың қорытындысы бойынша төлем ұйымдарының сервистері арқылы 323.9 млрд теңге сомасына электрондық ақшамен операциялар жүргізілді, бұл барлық жұмыс істеп тұрған электрондық ақша жүйелерінің айналымының 73%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар