Саясат • 09 Наурыз, 2021

Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның елшісін қабылдады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Реджеповпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның елшісін қабылдады

Министр сұхбаттасын Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан тарапы Түркіменстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте бақылаушы болу туралы шешімін құптайды. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде АӨСШК қатысушыларының кеңеюі осы ұйымның беделінің артқандығын айғақтайды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдары қаралды.