Саясат • 09 Наурыз, 2021

Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады.

Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.