3 наурыз күні Мал Уоттс (Mal Watts) және Саманта Нуттолл (Samantha Nuttall) шағын ұшақпен серуендеуді жоспарлаған. Алайда ерлі-зайыпты байланысқа шықпаған соң, 4 наурызда жергілікті полиция іздеу операциясын бастады.
Іздеу операциясы басталғаннан шамамен үш сағат өткеннен кейін құтқарушылар Эксмут туристік қаласының оңтүстігінде Кейп-Рейндж ұлттық саябағының шатқалында ұшақтың құлағанын анықтайды. Уоттс пен Натоллдың денелері де табылған. Енді апаттың себептерін азаматтық авиация қауіпсіздігі басқармасы тексеріп жатыр.