Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Алматыда тағы бір притон анықталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тағы бір притон анықталды

Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан.

– Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктерге толы бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – әр облыстан келген отандастарымыз, ал біреуі – Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Мұндай боди массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық “массажистер” Полиция басқармасына жеткізілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.