Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, елде коронавирусқа қарсы вакцинаны тез әзірлеп, аурудың бұл түрін емдеу жолдары қарастырылады. Еріктілердің бірінші тобымен Royal Free Hospital ауруханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар коронавирус сипаттамаларын зерттеумен айналысады.
Одан бөлек, ғалымдар SARS-CoV-2-ге адамның иммундық жүйесі әсері қандай боларын және инфекция жұқтырған адам вирус бөлшектерін қалай тарататынын зерттемек. Бұған дейін дәл осындай зерттеу жұмыстары тұмау мен безгек ауруларына қарсы вакцина дайындау кезінде жасалған. Соңғы зерттеуге жас әрі денсаулығы жақсы адамдар таңдалған. Оларға вирустың аз ғана дозасын салады. Зерттеуге жалпы 90 адам қатысады деп жоспарланған.