Хорезм облысының әкімшілік орталығы, ежелгі Үргенішке «Скат» әуе компаниясының ұшағы аптасына 2 рет қатынайды.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік. 8 наурызда Boeing 737 ұшағы алғашқы рейсті сәтті жасады. Scat.kz сайтында билетті брондауға болады. Орташа баға 73 мыңнан басталады. Аптасына дүйсенбі және сәрсенбі күндері қатынайды», дейді авиакомпания өкілдері. Сондай-ақ ұшақта барлық санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады.