Әлем • 10 Наурыз, 2021

Депутат Өзбекстаннан қырғыз мұнайына ақы төлеуді талап етті

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Қырғызстан үкіметі Өзбекстаннан Баткен облысында орналасқан Солтүстік Сох пен Чонгара-Галча газ және мұнай кен орындарын пайдаланғаны үшін төлем талап етуі керек деп есептейді. Бұл туралы депутат Бейшеналы Нурдинов Жоғарғы Кеңестің Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану комитетінің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Депутат Өзбекстаннан қырғыз мұнайына ақы төлеуді талап етті

Ол көрші елдің Қырғызстандағы газ және мұнай кен орындарын 30 жылдан бері пайдаланып келе жатқанына ашуланды. 

«Қырғызстан импортталатын жанар-жағармайға тәуелді. Ал біздің кен орындарды көрші елдер пайдаланады. Неліктен бұл құдықтар осы күнге дейін қайтарылған жоқ? Өзбекстан Қырғызстан мұнайына төлесін. Ақшаны ең болмағанда құбырды пайдаланғаны үшін алыңыз», деді халық қалаулысы министрлер кабинетіне қарата. 

ы

ФУГИ төрағасының орынбасары Медер Машиев бұл кен орындарын пайдалану мәселесі шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаралып жатқанын атап өтті. 

«Менің білуімше, қазір газ жоқ, мұнай аз қалды», - деді Медер Машиев. 

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдан бастап Солтүстік Сох және Чонгара-Галча газ және мұнай кен орындарының тағдыры туралы мәселе Жоғарғы Кеңесте бірнеше рет көтерілген болатын. 2011 жылы 13 мамырда депутаттар қаулысымен Өзбекстанға жанар-жағармай тасымалдауға тыйым салып, кәсіпорындарды «Қырғызмұнайгаздың» қарамағына берген болатын.  

Жиында депутат 10 жыл бұрын Жоғарғы Кеңестің жұмысын тоқтату кезінде қырғыз-өзбек  арасындағы кен орындары бар аймақтар даусыз қырғыз территориясында орналасқанын еске салды.