Қоғам • 10 Наурыз, 2021

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 210 кәсіпорнында 2,3 мың жұмыскердің алдында 856,3 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 189 ұйғарым беріліп, 18,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.  

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 814,6 млн теңге төленді.